26.10.2020, 10:32
Оқылды: 162

Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам

Жуырда Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялар байқауы өтті.

B439E9E7-7AE5-4020-8270-276353489AEB

Бұл байқауда 9 номинация бойынша ауданнан 6 мектеп бақ сынады. Олар: Жаңақала мектеп-гимназиясы, Айдархан ЖОББМ, Пятимар ЖОББМ, Е.Орақбаев атындағы ЖОББМ, Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ, Абай атындағы ЖОББМ оқушылары және Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының үйірме, клуб, студия   мүшелері.

Соның ішінде «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша жүлделі І, ІІ орынды МТЖО үйірме мүшелері Жандос Жексенбаев, Мади Сагинов иеленді. «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша жүлделі І, ІІ орындарға жұмысы байқау талаптарына  сай болмау себепті ІІІ орынды Ә.Жангелдин ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Ернар Амангелдіұлы еншіледі. «Су көлік саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша жүлделі І орын Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ-нің оқушысы Әділет Қанатқалиұлы, ІІ және ІІІ орынды МТЖО үйірме мүшелері Ернар Нұрғисаұлы мен Дастан Төлегенұлы бөлісті. «Құрылыс облысындағы жобалар» номинациясы бойынша жүлделі І орынды Жаңақала мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Елнұр Сабырғалиев, ІІ және ІІІ орынды Абай атындағы ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Бекарыс Құрманғалиев пен Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Инабат Медхатов иеленді. «Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар»: космос техникасын әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер, зымыран құрастыру» номинациясы бойынша жүлделі І орынды Айдархан ЖОББМ 7-сынып оқушысы Шамиль Зұлқашев жеңіп алды. 4 номинацияға мектептерден өтінім түспеуіне байланысты өтпеді.

Байқау қорытындысы  бойынша облыстық байқау қашықтықтан өткізіліп, «Су көлік саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша ІІ орынды Ақмарал Құрманғазықызының жетекшілігімен Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Әділет Қанатқалиұлы қанжығасына байлады.

Айзада Есіркепқызы,

аудандық МТЖО директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале