3.12.2018, 9:41
Оқылды: 36

"Үміттік" роботшылар халықаралық сайыста жеңімпаз атанды

FB_IMG_15438067800342018 жылдың 30 қараша - 1 желтоқсан күндері Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында халықаралық «KazRobotics-2018» фестивалі өтті.


«Үміт»лингвистикалық гимназиясы директорының орынбасары Армат Маемировтың хабарлауынша, Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған бұл сайысқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 16 команда, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан құрама командалары қатысқан.

FB_IMG_1543806785623БҚО құрама командасының сапында болған Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық гимназиясының 11 сынып оқушылары Сатқалиев Ернар, Құлжұмұров Диас (жетекшісі Армат Маемиров) 16-21 жас аралығында І орынды иеленіп, жеңімпаз атанған.

Сонымен қатар Подстепный қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушылары Ғалымжанов Сұлтан, Бақтыбаев Мирас (жетекшісі Дамир Бердібеков) 12-15 жас аралығындағы сайыста 4-ші орынға табан тірепті.

Айта кетейік, дүбірлі додада БҚО құрама командасы жалпыкомандалық ІІІ орынды иеленді.

Айгүл Ахметова

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале