9.08.2017, 16:22
Оқылды: 20

Ұрланған көлікпен ұзамады

Кеше, 8 тамызда Ақжайық ауданындағы Көнеккеткен ауылдық округінің Қамыстыкөл елді мекенінен осындағы бір тұрғынның «ГАЗель» көлігін біреу айдап кеткені жайында хабар түскен.


Жедел іс-қимылдың нәтижесінде күдікті 3 сағаттан кейін Жайық өзенінен пароммен өтер кезде, Ақсуат ауылы тұсында ұсталды. Ол қазір Орал қаласында тұратын, бұрын аудандағы Қарауылтөбе ауылында тұрған 40 жастағы кісі болып шықты.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале