8.08.2017, 9:51
Оқылды: 13

Үш адам 26 миллион несие алды

Жәнібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтың айтуынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының   несие беру арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды көздеген  «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» атты  екінші бағыты бойынша  ауданда біркелкі жұмыстар атқарылған.


-Үстіміздегі жылы бұл мақсатқа жоба ретінде 22 адамға 105,7 миллион теңге мөлшерінде қаржы қарастырылуда. Қазіргі күні ауданда мал шаруашылығын дамыту үшін 3 адам 26 миллион теңге мөлшерінде несие алды,-дейді аталған орталықтың директоры.

                                                                                   Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале