20.04.2017, 17:55
Оқылды: 17

Үш айдың жұмысы қорытындыланды

 

Жәнібек аудандық сотында жыл басынан бергі жұмыс сараланған брифинг өтті.


Жиында аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Н.Жұмәлі атқарылған істерге тоқталды. Оның айтуынша, есепті мерзімде азаматтық істер бойынша 32 арыз түсіп, 29-ы қаралса, соның ішінде 4 іс медиациямен қысқартылған.

Сондай-ақ, қылмыстық істерге сәйкес 6 адамға қатысты 4 істің үшеуі үкім шығарумен аяқталған.

Есепті уақытта 78 әкімшілік іс түсіп, 74-і қаралып, соның ішінде 2-уіне ескерту беріліп, 9-ына айыппұл салынса, 32-сі қамауға алынып, 10-ы көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Ал 20 әкімшілік іс татуласуына байланысты қысқартылған. Аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы, сондай-ақ аудандық сотта бұдан басқа да атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале