27.01.2017, 17:20
Оқылды: 52

Үш ауылдың да мәселелері ортақ

Janibek Yzinkol 01  Жәнібек ауданының әкімі Күйгенкөл, Ақоба, Ұзынкөл ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

  Ауыл әкімдері баяндамаларынан соң аудан басшысы алдағы жылдарға жоспарланған бірқатар жұмыстарды саралап өтті. Ол Ұзынкөл ауылындағы мәдениет үйі мен каналдарды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттар жасақталғанын, облыстан қаржы бөлінген жағдайда бұл жұмыстар іске асырылатынын жеткізді.


  Есептік кездесулер барысында Күйгенкөл ауылдық округіндегі Ө.Сахипов атындағы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Амангүл Шәмілова ауылға жазғы спорт алаңын салып беруді сұраса, Ақоба ауылының тұрғыны, Х.Халиуллин атындағы мектептің мұғалімі Мұхтар Бисенғалиев ауылдың батыс бетіндегі жол мен көпірді жөндеу қажеттігін, Ақоба фельдшерлік-акушерлік пунктінің меңгерушісі Айгүл Дүйісова мобильді байланыс үшін құрылғы орнатуды сұрады. Ұзынкөл ауылының тұрғыны, «Нұрберген» шаруа қожалығының жетекшісі Есберген Ажығалиев ауылдың маңындағы бөгетке тазалау жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.

  Үш ауылдық округтің тұрғындары тарапынан медициналық қызмет көрсету, пошта жұмысы, ауылға келген жас мамандарға берілетін тұрғын үй көмегі жөнінде сауалдар қойылды. Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі және тиісті мекеме басшылары нақты жауаптар берді.

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале