6.06.2017, 10:47
Оқылды: 24

Үш күнде 62 құлпытасқа сипаттама берілді

 

Көне эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеу жөнінде Ақжайық ауданында бірер жылдан бері қолға алынған іс биыл да жалғасын табуда. Өткен жылдары біраз қорымдағы құлпытастар нөмірленіп, суретке түсіріліп, облыс орталығындағы белгілі зерттеуші, тарихшылардың, журналистердің қолына табыс етілді. Соның арқасында эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеу ісіне ақжайықтықтар үлес қосты.


Тарихи-танымдық экспедиция биылғы өзінің алғашқы сапарын Көнеккеткен, Құрайлысай және Есенсай ауылдық округтерінің аумағында жүргізді. Туризм және экология орталығының бас маманы Зейнолла Нұрмұханбетов бастаған топ 3 күнде барлығы 62 ежелгі құлпытасқа әдістемеге сай сипаттама беріп, әрқайсысының сырттай толық көрнісі мен құбыла, күншығыс, теріскей және күнгей беттерінлегі арабша жазуларды суретке түсірді. Ою-өрнектерінің ерекшелігіне назар таударылып, ру-тайпалық таңбалары анықталды.

Айталық, Көнеккеткендегі қариялар Жанат Сариев, Әбілтай Жұмағалиев, Нұрболат Молдағалиевтардың көмегімен топ 8 елді мекен, күтірде болып, Әжімұрат бейіті, Тасжеген құдығы, Әйтімбет, Әліп, Қызылақырап, Қойбас, Тасжеген қорымдарындағы 12 құлпытасқа қатысты сипаттама жүргізді. Бұл іске Көнеккеткенде мектеп мұғалімдері Нұрболат Молдағалиев, Айгүл Сейілханова, кітапханашы Гүлбаршын Сүлейменова да көмектесті.

– Күнделікке, фотосуретке түсірген жұмысымызды жылдағысынша, зерттеушілерге тапсырамыз. Ал қашанғыдай, сапарымызға көлікпен, жанармаймен көмектескен аудан әкімдігіне, Чапаев әкімдігіне, фотосуретке түсіруші Сәкен Әбілхайыровқа ризашылығымыз зор. Сапарымыз алдағы күндерде жалғасын табады,-дейді экспедиция мүшесі, ардагер журналист Бақтығали Қоспаев.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале