15.11.2017, 14:51
Оқылды: 18

Үш жылда Долинге көгілдір отын келеді

1425996598_gazБұл жөнінде Долин ауылына арнайы жұмыс сапарымен барған Зеленов ауданы әкімі Кәрім Жақыпов мәлімдеді. 2018 жылдың басынан қолға алынатын бұл игілікті жұмыстың нүктесі 2021 жылы қойылады. Яғни, үш жылдың ішінде Долин ауылдық округі 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылмақшы.

Жиын аясында  округ әкімі Талғат Манатауов атқарылған жұмыстар және жоспарларды жіпке тізді.

Жиналысқа келген долиндіктердің сұрауы сол баяғы газ. Аудан әкімі алдағы жоспарлардың бәрін дерлік айтып өтті. Соның ішінде Долин ауылдық округін газдандыру, мектептің жылыту қазандығын жөндеу, округ орталығындағы жолдардың жағдайын назарда ұстау бар.

Одан кейін мінбеге аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ержан Досмақов көтерілді. Ол ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және оның басымдықтары жөнінде баяндама жасады.

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытжан Митанов алдағы жылы енгізілетін жаңа форматтағы әлеуметтік көмек туралы жиылған халыққа түсіндіріп өтті.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале