19.04.2019, 14:50
Оқылды: 79

Үшанада өлкетанушы Қайыржан Хасановты еске алу кеші өтті

Қаратөбе ауданының Үшана ауылында елге танымал болған журналист, ақын-жазушы, өлкетанушы Қайыржан Хасановты еске алған «Жазумен өткен өмір» атты кеш өтті.

фото Рафхата Халелова (24)

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қажыгерейұлы шараны ашып, Қайыржан ағаның шығармашылық жұмыстағы, соның ішінде ақпарат саласындағы ұзақ жылғы елеулі еңбегін, кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық істерін әңгімеледі. Игі шараның өтуіне ұйытқы болған Қайыржан ағаның әріптесі әрі досы үшаналық Аман Жүсіпқалиға алғысын жеткізді.

Еске алу кешіне арнайы шақырылған ханкөлдік Ғабдырахман Бисеғұлов, белгілі фотограф Рафхат Халелов журналист жайлы естелік айтса, еске алу кешін ұйымдастырушы Аман Жүсіпқали Қайыржан Төлегенұлының аудан тарихы мен мәдениетінің дамуына қосқан еңбегі, бойындағы адамгершілік қадыр-қасиеті, бірге жүргізген жұмыстары турасында әңгімеледі.

Қайыржан Хасановтың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Қазақстаннның құрметті Журналисі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Құрметті профессоры», Қаратөбе ауданының «Құрметті азаматы» атанды.

Қарымды қаламгердің туған жері Сәуле ауылың кітапханашысы Нұргүл Қыдырғалиқызы өлкетанушының өмірбаяны мен шығармашылық жұмысы туралы әңгімелесе, аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапханашысы Гүлжанат Алтайқызы шығармашылық жұмысына арналған  көрмемен таныстырды.

Журналистің зайыбы Рысты Хакімқызы мен кенже ұлы Нұржан Қайыржанұлы шараны өткізуге атсалысқан Аман Жүсіпқалиға, ауданның мәдениет саласының басшысы Ғ.Қажыгерейұлына, кітапхана ұжымдарына алғыс білдіріп, кітаптарын табыстады.

Жиынды қорытындылаған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлбану Салауатқызы Рысты апаға ағаның портретін табыстады.

 Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

суреттер Рафхат Халеловтікі

zhaikpress.kz

фото Рафхата Халелова (152) фото Рафхата Халелова (329)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале