20.02.2017, 15:37
Оқылды: 45

Үштөбедегі көкпар

Ақжайық ауданының Жамбыл ауылдық округіндегі Үштөбе ауылында жасөспірімдер арасында көкпар ойыны өтті. Тартысты бәсекені өткізуге  аудандық «Жігер» спорт клубы мұрындық болды.


«Батыс» және «Қыран» командаларының жолдастық кездесуінде алғашқысы басымдық танытты.

- Жергілікті жерде ат құлағында ойнайтын  талапты  жеткіншектер аз емес. Олардың шеберлігін шыңдап, ат спортын дамытуға  жан-жақты  жағдай жасау - ұлттық  өнердің   болашағы үшін маңызды, - дейді  жарысты ұйымдастырушылар.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале