20.10.2020, 21:09
Оқылды: 131

Ұялыда бюст орнатылды

«Ұлы адамдар өз ескерткіштерінің тұғырын өзі орнатады, мүсінін болашақ соғады» деген екен белгілі қаламгер Виктор Гюго. Бүгін Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжайында ерекше күн. Осындай өз ескерткішінің тұғырын өзі орнатып, мүсінін жерлестері соғып отырған жандардың бірі - қазақтан шыққан тұңғыш генерал, киелі құм Нарынның төл перзенті Шәкір Жексенбаев.

7C6334B5-7673-41C0-A38C-5C57314EA798

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауылымыздың қожалық жетекшілері, ел азаматтары өздері бір кезде оқып білім алған алтын ұясының ауласына қазақтан шыққан тұңғыш генерал-майор Ш.Жексенбаевтың бюстін орнатып берді.

Бюсті оралдық мүсінші Асқар Бақтығалиұлы Утаргалиев қашап жасаған. Мүсіннің орнатылуына ауыл азаматтары Ж.Базарбаев, Н.Бақтығалиев, Ж.Қуанов, Б.Рахимғалиев, Б.Тауманов, С.Досалиев, А.Мендигалиев, М.Бадайтов, А.Қойшығұлов, М.Мухамжаров, А.Рысқалиев, Т.Бақтығалиев, Б.Сарсенғалиев, Б.Уразгулов, У.Рахимгалиевтер мен «Ұялы» ЖШС- барлығы 929 200 теңге қаржылай көмек көрсетті. Мектебіміздің түлегі Муратов Бейбіт мүсін орнатқан алаңқайға төсеуге брусчаткадан көмектесті. Ал мектептің 2000 жылғы түлектері мүсін орнатылған алаңқайды электр жарығымен нұрландырды.

Р.Аппақова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале