16.08.2018, 16:17
Оқылды: 43

Ұялыда өрт сөндіру бекеті ашылды

Orda pozharҰялы ауылынан №49 өрт сөндіру бекетінің ашылуы тұрғындар үшін өте бір жағымды жаңалық болды. Өйткені аудан орталығынан 180 шақырым шалғай жатқан мекенде жазғы ыстықта жиі орын алатын дала өрттерін сөндіруде арнайы техниканың жоқтығы оларды әбден қажытқан-ды.


«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының құрамына кіретін бұл бекет тек қана Ұялы емес, оған жақын маңда орналасқан Бөрлі, Саралжын ауылдық округтеріне де қызмет көрсетпек. Аудан әкімдігінен 6 миллион 600 мың теңге қаражы бөлініп, қазіргі таңда 1 «МТЗ-80» тракторы су тасығыш тіркемесімен және «ЗИЛ-130» өрт сөндіру машинасы жабдықталды. Алдағы уақытта «ГАЗ-66» техникасы алынбақ. Ауылдың арнайы оқудан өтіп, сертификатқа ие болған  10 тұрғынының 7-еуі осында жұмысқа орналасты. Телефон желісі де іске қосылды.

Бекеттің ашылу салтанатына қатысқан «Өрт сөндіруші» АҚ директоры Сансызбай Күзембаев (Орал) пен ауыл ақсақалы Бақтығали Уаепов лента қиып: «Тосын жағдай болмасын, өрт те орын алмасын. Жылтылдаган от болса, сол сәтте ауыздықталсын» десті.

Ернар ШАКЕНОВ

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале