6.12.2018, 12:13
Оқылды: 61

Ұялыға газ жетті

Биыл Бөкей ордасы ауданы табиғи газбен толық қамтылды. Ауданның 12 ауылына, нақтырақ айтсақ, 6550 тұрғыны бар 1151 үй мен 35 әлеуметтік нысанға газ құбырын тарту үшін облыстық бюджеттен 213 млн. 511 мың теңге қарастырылды.

 орда газ (3)

       Ұялы ауылында салтанатты жиын өтіп, көгілдір отын қосылды. Шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты.

–Елбасым халықтың әл-ауқатын көтеруді, тұрмыс сапасын арттыруды басты бағдар етіп отыр. Жыл сайынғы жолдау, қолға алынып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың қай-қайсысының да басты темірқазығы – халықтың әл-ауқаты, өмір сүру сапасы. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыз, аудан таза ауыз су, көгілдір отынмен 100% қамтылып отыр. 2000 шақырым су құбыры тартылып, облыс бойынша 110 елді мекенге таза ауыз су жеткізілді. Бөкей орда ауданы бойынша төрт елді мекен қамтамасыз етілді. Жыл сайын 500 шақырым жолды жөндеу көзделген. Облыс бойынша 44 елді мекенге газ тарту жоспарланған, бүгінгі таңда 25 елді мекенде көгілдір отын пайдалануға берілді. Елбасы Н.Назарбаев облысымызға биылғы жылдың мамырында келген сапарында жол мәселесін көтерген еді. Бұл бірер ай, тіпті бірер жылда біте қоятын шаруа емес, ауқымы да, жауапкершілігі де, қаражаты да ауқымды шаруа. Қазталов-Жәнібек-Бөкей орда аралығындағы 336 шақырым жолды жөндеу қолға алынды. Мұның бәрі де –Тәуелсіздігіміздің жемісі, Елбасының стратегиялық саясатының жетістігі,-деді облыс басшысы.

Ауданның 12 елді мекеніне газ құбырын тартып, өңірдің әлеуметтік дамуына үлес қосқан «Алия-Сервис» ЖШС директоры Әнуар Мардановқа, Ұялы ауылындағы ауылішілік газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізген «БатысКотлоМонтаж» ЖШС директоры Дамир Балмолдинге алғыс хат пен бағалы сыйлық табысталды.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов пен еңбек ардагері Мұқси Бекқалиев алауды тұтатты.

Ауыл әкімі Бақытжан Оразғұловтың айтуынша, ауылда 215 үй бар. Сексенге жуық ауыл тұрғыны үйлеріне көгілдір газ кіргізуге құлшыныс танытып отыр. Қазіргі таңда 72 үйдің құжаты тапсырылып, 35 үйдің құжаты құпталған.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

орда (1) орда (3) орда газ (1) орда газ (5) орда газ (6) орда газ (7) орда газ (8) орда газ (9) орда газ (10) орда газ (11) орда газ (12) орда газ (13) орда газ (14) орда газ (15) орда газ (16) орда газ (17) орда газ (18)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале