11.06.2019, 17:12
Оқылды: 187

Үздік аттестат иегерлерімен кездесті

Бөкей ордасы аудандық әкімшілігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлері мен олардың ата-аналарымен кездесті.
IMG_8864

Аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы:

-Отан сүйгіш, ұлтжанды, жаны таза, сауатты, білімді болып өсіп келе жатқан оқушыларымызды мектепті үздік бітірулерімен құттықтаймын! Біздің шәкірттеріміз түрлі республикалық, облыстық жетістіктерге жетіп, аудан намысын қорғап  келеді. Алда үлкен сынақ ҰБТ күтіп тұрғаны баршаңызға мәлім. Сол сынақтан да сүрінбей өтіп, жоғары оқу орындарына түсіп, өздеріңіздің қалаған маман иелері болуларыңызды тілеймін. Осындай білім мен тәрбиені қатар берген ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңызға ризашылығым шексіз. Сіздерге ақ жол тілеймін,-деді.

Өз кезегінде шәкірттерге «Алтын белгі» төсбелгісі мен аттестат, естелік кітап тарту етсе, ата-аналарға марапаттау қағазын табыстады.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева мен аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов оқушылар мен ата-аналарды құттықтап, сәттілік тіледі.

IMG_8884

«Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлері атынан Қ.Сағырбаев мектебінің түлегі Бекзада Мейірбекқызы мен М.Бегалиева мектебінің түлегінің Жақсылық Зейнешов:

 -Біздің бұл күнге жеткеніміз ата-анамыз бен ұстаздарымыздың арқасы. Берген көмектері мен қамқорлықтарының нәтижесі. Құрметті ағай-апайлар біздерді осындай марапаттауға лайық деп танығандарыңыз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Сіздердің бізге берген ақыл-кеңестеріңізді жадымызда сақтап, үміттеріңізді ақтаймыз деп сенім білдіреміз,-деп жүрек жарды тілектерін жеткізді. Аттестат иегерлерінің ата-аналары атынан сөз сөйлеген Есенғазы Өтешов пен Назымгүл Оразгелдиева да барша бөлім басшылары мен мектеп ұстаздарына ризашылықтарын білдірді.

Айта кетелік, биыл ауданымыздан 163 мектеп түлегі алтын ұяларынан ұшқалы отырса, соның он сегізі «Алтын белгі», үшеуі «Үздік аттестат» иегері атанды.

Айша Құрмаш,

Бөкей ордасы ауданы,

zhaikpress.kz

IMG_8872 IMG_8902

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале