28.09.2017, 16:19
Оқылды: 21

Үздік бастауыш партия ұйымдары анықталды

 IMG_893028 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауға қатысушыларды анықтау өтті.

Бұл байқауға Талдықұдық, Жаңажол, Қараоба, Бірік, Қошанкөл бастауыш партия ұйымдары қатысты. Анықтауда бастауыш партия ұйымдарының ішкі партиялық жұмысы, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, партиялық жобаларға қатысу тағы басқа да атқарған жұмыстарына бағалар берілді.
Нәтижесінде 100 дейінгі мүшесі бар Талдықұдық бастауыш партия ұйымы (төрайымы Жанна Баймағанбетова) және 100-ден жоғары мүшесі бар Жаңажол бастауыш партия ұйымдары (төрайымы Мәрзия Сисенова) аудандық байқау кезеңінде жеңімпаз атанды.

Бұл бастауыш ұйымдар алдағы өтетін облыстық байқауға қатысатын болады.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Қазталов ауданы

zhaіkpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале