17.04.2017, 18:18
Оқылды: 55

«Үздік оқырман отбасы-2017»

Ақсайда дәстүрлі «Бөрлі өңірінің оқырман отбасы – 2017» отбасылық аудандық байқауы өтті.

Аталған байқау биыл алтыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр. Байқауға үздік деп танылған Дәулетовтер (Ақбұлақ ауылдық кітапханасы), Маженовтер ( Қызылтал ауылдық кітапханасы), Серіковтер (Александров ауылдық кітапханасы), Есқалиевтер ( Аралтал ауылдық кітапханасы), Наршиевтер ( орталық балалар кітапханасының филиалы) қатысып, байқаудың  4 айналымынан сүрінбей өтті.

Байқаудың қорытындысында Ақбұлақ ауылдық кітапханасының оқырман отбасы Дәулетовтер «2017 жылдың үздік оқырман отбасы» деп танылды. Басқа қатысушы отбасылар «Кітапқұмар оқырман отбасы» Серіковтер отбасы (Александров), «Өнерлі оқырман отбасы» Маженовтар отбасы (Қызылтал), «Шығармашыл оқырман отбасы» Ескалиевтар отбасы (Аралтал), «Ынтымағы жарасқан оқырман отбасы» Наршиевтар отбасы (ОБКф) аталымдарына ие болды.

Жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале