13.08.2020, 18:07
Оқылды: 25

Үздік жастар марапатталды

12 тамыз – Халықаралық жастар күні мерекесіне орай Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Алма Төлепқалиева жыл басынан бері белсенділігімен көзге түсіп, ауданның дамуына өз үлестерін қосқан және волонтерлік қызмет көрсетіп, төтенше жағдай кезінде қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға атсалысқан бір топ қыз-жігіттерге облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы М.Нұркеннің алғыс хатын табыстап, мерекемен құттықтады.

Бәйтерек жасы 1

- Жастар – мемлекет байлығы. Ел басына түскен қиын сынақ кезінде жұдырықтай жұмылып, қайырымдылық шараларына белсене араласты. Жастар арасында аудан дамуына өз үлестерін қосып жүргендер де жетерлік. Ел болашағы саналатын азаматтар мен азаматшаларымызды әрдайым қолдауға дайынбыз, - дейді Алма Шапбазгерейқызы.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале