28.02.2018, 10:58
Оқылды: 50

Волейбол лигасының ойындары аяқталды

Зеленов ауданы орталығында волейболдан өткен «Переметный лигасы» ойындары аяқталды. Аудан орталығындағы мекемелер мен мектептердің және жақын орналасқан округтардан келген волейболшылардың жарысы бір айға созылды. Аптаның сейсенбісі мен бейсенбі күндері ойнаған спортшылар көрермен қауымға нағыз волейбол мерекесін сыйлады. Бірінші турдан соңғы турға дейін иық тірестіре келген командалар лига чемпионын соңғы турда анықтады. 

Чемпион атануы үшін Қасым Аманжолов мектебінің командасы соңғы турда Камен мектебінің ойыншылары 2-0 есебімен жеңуі керек болса, үшінші орын үшін болған ойында Железнов округінің ойыншылары аурухана ұжымын қалай да жеңулері керек болды.

руслан ғалиевАлғаш боп алаңға шыққан аурухана ұжымы мен железновтықтар арасындағы ойын округ командасының жеңісімен аяқалса, чемпиондық ойында Қасым Аманжолов атындағы мектеп ойыншылары Камень мектебін 2-1 есебімен жеңгенімен екінші орынға тұрақтады. Ал лига чемпионы атағы Переметный мектебінің ойыншыларына бұйырды. Сондай-ақ командасын алға сүйреп, үздік ойын көрсеткен волейболшылар да марапатталды. Атап айтар болсақ: «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» аталымдарын Камень мектебінің намысын қорғаған Руслан Бажиков пен Игорь Новеньков сияқты ойыншылар иеленсе, «Үздік байланыстырушы» аталымын Қасым Аманжолов мектебінің ойыншысы Қанат Жұмағалиев, ал «Үздік ойыншы» атағын ер жігіттерден кем ойын көрсетпеген железновтық Гүлжазира Орынғали қанжығасына басты.

zel volЖарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

Бір ай бойына чемпиондыққа таласқан ойыншылармен де тілдесудің сәті түсті. Железнов округінен команда жасақтап, ешбір ойыннан қалмаған команданың капитаны Руслан Ғалиев: -Ауданымда спорттың дамуына бар жағдай жасалып келеді. Жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Былтардан бері футбол және волейбол лигаларының жарысы оздырылып келеді. Осының барлығы бұқаралық спорттың дамуына өз септігін тигізетіні белгілі. Ауыл командасы шеберліктерін шыңдасын деген мақсатта  осы жарысқа қатысуды ұйғардық. Жетістігіміз де жаман емес. Болашақта бұдан жақсы ойын көрсетіп, чемпиондыққа таласатын боламыз,-дейді.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале