14.02.2020, 16:26
Оқылды: 18

Волейболдан ашық лига басталды

«Еріктілер» жылы аясында Бөрлі ауданында волейболдан ерлер командалары арасында ашық лига жалауын көтеріп, алғашқы ойындар басталып кетті.

borli sport (4)

Шараның ашылу салтанатына  аудан әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

Биылғы жарысқа 17 команда келсе, олардың ішінде көршілес Шыңғырлау ауданынан, жергілікті ауылдық округтерден және мекемелерден құралған командалар бар.

borli sport (2)

 Сонымен лиганың алғашқы күні «Сырласу» ЖШС мен Приурал ауылдық округінің ойыншылары тартысты ойын көрсетіп, алғашқысы өз мықтылықтарын танытты. Ал Бөрлі ауданы әкімдігі Ақсай қаласындағы №8 мектеп командасын ұтса, Ардагерлер командасы  жарсуаттықтарға есе жіберді.

borli sport (3)

Айта кетелік, лига наурыз айына дейін жалғаспақ.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале