1.02.2019, 16:44
Оқылды: 24

Халық қалаулылары Теректі ауданында

Теректі ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, атап айтсақ экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Марат Бопазов және заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Анар Жаилғанова Ақсуат ауылдық округінде болды.

 terekti deputat (3)

         Депутаттар округке қарасты Пойма ауылында орналасқан «Теректі май комбинаты» ЖШС май өңдеу зауытының жұмысымен танысты.
Халық қалаулыларын қарсылаған  «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрғасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен май зауытының жұмысы облыстың агро-өнеркәсіптік кешен үшін маңызы зор екенін атап өтті.

         Зауытқа жүргізілген жаңғыртудан кейін кәсіпорынның шикізат бойынша қажеттілігі жылына 50 000 тоннаға дейін өскен. Қазіргі таңда зауытта күнбағыс тұқымы қайта өңделеді, тазартылмаған және тазартылған күнбағыс майы шығарылады. Кәсіпорын директоры Қасым Искаковтың айтуынша, зауытта 120 адам жұмыс істейді. Оның тең жартысы аудан тұрғындары. Жұмысшылардың дені жастар. Оларды үйінен жұмыс орнына дейін тасымалдайтын арнайы автобус бар. Мәжіліс депутаттары жұмысшылармен кездесіп олардың ой-пікірін білді. Зауыт қызметкерлері Ақсуат ауылдық округінен жер бөлінсе, сосын басшылық қызметтік үйлер салса деп өтініш білдірді.

Депутаттар Ақсуаттан шығып Федоров ауылына ат басын тіреді. Аудан орталығындағы Достық үйінде халық қалаулылары «Ашық әкімдік» шарасына қатысып, аудан активімен кездесті.

Достық үйінде өткен жиында ауданның құрметі азаматы Мұсағали Төлегенов және Василий Савченко денсаулық саласының сын көтермейтінін тілге тиек қылып, ауылдарға сапалф дәрі-дәрмектен гөрі арзан дәрілер ғана жететінін атап өтті. Аудан тұрғыны Бақытжан Жақыбалиев жайылымдық жерлердің аз екендігіне тоқталды.

Депутаттар жиында көтерілген мәселелер ескерусіз қалмайтынын айтты.

terekti deputat (1) terekti deputat (4)

Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале