Жаңақала ауданында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Абай Тасболатов аудан активімен кездесті.
Кездесу жиынында Мәжіліс депуттары Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жөнінде кеңінен әңгімеледі.
Сонымен қатар Мәжіліс қоржынына осы кезге дейін 100-ге жуық заң жобасы түссе, соның 83-і қабылданып, 60-қа жуығына Елбасы қол қойғанын жеткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары аудан өміріне қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, бірсыпыра ұсыныс-пікірлерін депуттардың назарына берді. Ал Мәжіліс депуттары айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыстар жүргізетіндігін жеткізді. Одан әрі халық қалаулылары ауданымыздағы әлеуметтік нысандарды аралап, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.
Н.ҒАББАСОВ
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz