14.07.2017, 18:28
Оқылды: 34

Халық қалаулыларымен кездесу

Жаңақала ауданында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов  пен Абай Тасболатов аудан активімен кездесті.


Кездесу жиынында Мәжіліс депуттары Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жөнінде кеңінен әңгімеледі.

Сонымен қатар Мәжіліс қоржынына осы кезге дейін 100-ге жуық заң жобасы түссе, соның 83-і қабылданып, 60-қа жуығына Елбасы қол қойғанын жеткізді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары аудан өміріне қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, бірсыпыра ұсыныс-пікірлерін депуттардың назарына берді. Ал Мәжіліс депуттары айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыстар жүргізетіндігін жеткізді. Одан әрі халық қалаулылары ауданымыздағы әлеуметтік нысандарды аралап, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.

Н.ҒАББАСОВ

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале