7.02.2017, 19:44
Оқылды: 56

Халық қалаулысы Жаңақалада

Janakala B Maken  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге  қабілеттілік» атты Жолдауын тұрғындарға түсіндіру және одан туындаған міндеттерді талқыға салып, ел пікірін білуге келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәкен Бақтияр Мәкенұлы Жаңақала ауданына келіп, барлық ауылдық округ өкілдері бас қосқан актив жиынына қатысты.


  -Мемлекет басшысы әрбір Жолдауында ел дамуындағы ең маңызды жаңа міндеттерді көрсетіп отырады. Биылғы Жолдауы қазіргі тарихи жағдайға, қазіргі ғаламдық жағдайларға Елбасымздың беріп отырған жауабы. Еліміздің бұдан әрі дамуына, өркендеуіне жол ашатын өте маңызды стратегиялық жоспар болып саналатын бұл тарихи құжатта Елбасымыз Қазақстанның жаңа тарихи кезең шеңберінде ілгерілеу бағыттарын белгілеп берді, - деген Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен Жолдаудың мәні мен маңызына тоқталып, одан туындайтын міндеттерді саралап, жүзеге асыру жолдарын әңгімелеп берді.

  Қашан да ел үшін мәні зор мәселеге бейжай қарамайтын жаңақалалықтар Жолдау жүктейтін міндеттерді талқылауда да белсенділік танытты.

  Аудандық мәслихат хатшысы, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Закария Сисенғали қолжетімді баспана, сапасыз кадр дайындайтын жеке оқу орындарын азайту, дәрі-дәрмек бағасының қымбат екендігі, тіл мәселесі жөніндегі пікірін білдірді.

  Сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік бөлім басшысы Ермек Меңдіхан,

  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов, еңбек ардагері Нәсіпқали Мақанов, аудандық статистика бөлімінің басшысы Қайырғали Жаймов, еңбек ардагері Айтуған Шарафутдин, аудандық мәслихат депутаты Серік Жәрдемалиев, №3 қазақ мектебінің директоры Әлихан Досмұхамбетов, білім беру саласының ардагері Назым Өтешевалар Жолдаудан туындайтын міндеттер төңірегінде ой бөлісті.

  Алқалы жиында қойылған сауалдарға Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен жауап беріп отырды.

Өмірзақ Ақбасов

           www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале