18.07.2018, 15:28
Оқылды: 70

Халық қалаулысы - Жаңақалада

zhanakala deputat (1)Ауданға жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева келді. Халық қалаулысын аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали мен «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық  филилалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов қарсылап, ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының қарқынымен және әлеуметтік нысандардың тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті.


zhanakala deputat (2)Алдымен депутат «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан көп қабатты жалдамалы тұрғын үй құрылысымен танысса, келесі кезекте ауданымыздың батыс бөлігіндегі жер учаскелеріне тартылып жатқан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (газ, свет, су) құрылысымен танысты.

Одан әрі депутат бастаған топ ат басын ауданаралық сауықтыру орталығы мен аудандық орталықтандырылған ауруханаға бұрып, екі мекеменің де қолбайлау болған қиындықтары мен жеткен жетістіктерін тыңдап, мекеме ұжымымен жүздесті.

zhanakala deputat (3)С.Имашева тоқтаған соңғы нысан аудандық мұражай болды. Бұл жерде  ауданымыздың тарихынан сыр шертетін жәдігерлерді тамашалап, мұражай экспонаттарына қызығушылық танытты.

Аудандағы құрылыс барысын бақылап, әлеуметтік нысандарды аралап болғаннан соң, депутат аудан активімен кездесті.

Жиын барысында тұрғындар халық қалаулысына ұсыныстарын жеткізді.

Н.ҒАББАС

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале