22.06.2017, 16:49
Оқылды: 57

Халық танып, ел бағалаған маман

Shingirlau halik tanip   Басың ауырып, денсаулығың сыр бергенде емханаға бет аламыз. Сырқатыңды емдеп қана қоймай, жансаулығыңды қамдайтын, денсаулыққа сақ болу қажеттігін де ескертіп шыр-пыр болып жататын дәрігерлердің қадірін біліп-білмей жататын тұстарымыз көп.

    Жуырда осы мамандық иелерінің төл мерекесі - Медицина қызметкерлері күні аталып өтті. Осы орайда облыс орталығында медицина мамандарының басын қосқан ауқымды мерекелік жиын өтіп, қызметінде үздік деп танылғандар түрлі аталымда марапатталған болатын.


    Осы мерекеден бұрын облыстық денсаулық сақтау департаментінің ұйымдастыруымен «Рахмет Сізге, дәрігер» атты акция аясында үш жыл қатарынан өткізіліп келе жатырған әлеуметтік желіде смс-хабарлар жинау арқылы «Голос пациента» байқауы қорытындысы да осы жиында қорытылып, аудандар арасында аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігері Алтынзер Бекжанова  байқау жеңімпазы болып танылды.

   Алтынзер Мұратқызы байқау дипломы және «Пациент дауысы» кубогімен марапатталып, аудандар арасында медицина саласының үздік маманы  ретінде мерейі өсіп, жеңіспен оралды.

Қаршыға ЛЕКЕР

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале