23.06.2017, 10:59
Оқылды: 26

Халықаралық ән байқауынан жүлделі оралды

zelenovОрал қаласында Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылар арасында ІХ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі болып өтті. 


Байқауға Қытай, Ресейдің Әжі Тархан қаласынан, еліміздің біраз аймағы мен өңіріміздің Шыңғырлау, Казталов, Сырым, Орал қаласы мен Зеленов ауданының өнерпаздары қатысты.

Аталмыш байқауда тамаша өнер көрсеткен Дариян ауылдық клубының жас әншісі Әділхан Қадыров дипломант атанса, құрылғанына көп бола қоймаған аудандық мәдениет үйінің «Серілер» квинтеті жүлделі үшінші орынға ие болды.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале