8.04.2019, 18:39
Оқылды: 26

Халықаралық байқаудан жүлдемен оралды

3-6 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым əлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жобалар байқауына Теректіден қатысқан қос шәкірт жүлдемен оралды.

 Алтынбек пен Даниял

         Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйі жанындағы «Технополис» үйірмесіне қатысып, білімін жетілдіріп жүрген Шаған мектебінің 9-сынып оқушысы Даниял Сағын мен 11-сынып оқушысы Алтынбек Қайырғалиев (қос шәкірттің ұстазы - «Технополис» үйірмесінің жетекшісі Медет Бисекенов) жүлделі ІІ орынды қанжығаларына байлады.

         Ғарыш əлемін игеру, ғарыштық технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту жəне адам денсаулығы мен ғарыштық экология, медицина бағытындағы жаңа, тың зерттеулерді жүзеге асыру, ақпараттық технологияларды дамыту мақсатында ұйымдастырылған шарада Даниял мен Алтынбек «Астрон-5» атты ғарыштық оранжереясы жобасын дайындап, сынға түсті. Бұл жоба - халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін ғарышкерлерді азық-түлік жəне оттегімен қамтамасыз ететін бірден-бір жоба.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале