24.04.2017, 18:19
Оқылды: 22

Халықаралық Дельфий ойындарында қола медаль иеленді

Ресейдің Екатеринбург қаласында Халықаралық ХІІ Дельфий ойындары өтті. Дәстүрлі сайыста ақжайықтық Аслан Өтеген қола медаль иеленіп, жерлестерін қуантты.


Аслан қазір Орал қаласында Құрманғазы атындағы музыка колледжі кескіндеме мамандығының І курсында оқиды.

Жас талант аудан орталығындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде оқып жүрген кезінде Тимур Сүлеймен жетекшілік ететін «Жас зергер» үйірмесіне қатысқан.

Айта кетейік, ол 2015 жылы Ұлттық ХІ Дельфий ойындарының облыстық кезеңінде  І орын иеленіп, Астана қаласында өткен республикалық ойындардың дипломанты атанды. Ал 2016 жылы республикалық кезеңде алтын медаль қанжығалаған болатын.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале