9.12.2019, 18:01
Оқылды: 102

Халықаралық турнирден жүлделі келді

Атырау қаласында еркін күрестен 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында «МОДЕРНСТРОЙ - Атырау» жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті.

 qaztalov

Оған Өзбекстан мемлекетінен және Дағыстан республикасынан мен Қазақстанның Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан және Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларынан 300 спортшы қатысты. Турнирге Батыс Қазақстан облысы атынан Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрес сыныбының оқушысы Айтжан Нұржанов 57 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жүлделі 3 орыннан көрінді. Жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздарға медаль және қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Шәкіртінің жүлделі орыннан көрінуіне жаттықтырушысы Мейрам Ғиляжевтің сіңірген еңбегі зор.

Айта кетейік, Айтжан қазір Оралдғы дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы. Қазіргі жаттықтырушысы - Дулат Самиев.

Иә, Айтжанның күні бүгінге дейін жеткен жетістігі де аз емес. Орал қаласында өткен республикалық турнирдің қола жүлдегері (2018 жыл), Сырым ауданында өткен облыстық ашық турнирдің күміс жүлдегері (2018 жыл), БҚО чемпионатының күміс жүлдегері және халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айна Нұрым

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале