21.11.2017, 14:34
Оқылды: 27

Хан ордасында жазушы-журналист Сара Латиевамен кездесу өтті

Хан ордасы ауылында осы топырақтың төл перзенті, Қазақстан жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Сара Латиеваның мерейлі жетпіс жасқа толуына орай кездесу кеші өтті.

Осы ауылдың ып-ыстық құмына табаны күйіп, балалықтың ең әдемі көктемдерінен көкейіне ерте ой жиып, қалам ұстаған бөкейлік қыз мыңнан жүйріктер дараланатын ҚазМУ-дың журналистика факультетін 1969 жылы бітірген.

Жазушының әдебиет айдынында үзеңгілес жүрген сіңлілері Қалампыр Кенжеғалиева мен Заря Жұбановалар шашбауын көтерісе келіп, Сара Латиева шығармашылығы жайында әсерлі әңгіме өрбітті.

Гүлнар ҚАДЫРОВА

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале