2.04.2020, 17:03
Оқылды: 75

Ханордалықтар бетперде тігіп, таратуда

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты халықтың денсаулығын қорғау, қазіргі кездегі індеттің алдын алу, ағайынға көмек беру мақсатында еріктілердің ұйымдастыруымен Орда ауылдық округі әкімі аппараты және Н.Уразгельдиева,  А.Бекбаева,  Г.Нурмуханбетова, М.Бердіғалиев, Б.Қайқыбасова секілді тігіншілеріміздің қолдауымен Орда ауылдық округінде тұрғындарға арналған көп қолданбалы бетперделер тігу қолға алынып, тегін таратылуда.

2A856FAB-045F-490A-B795-5F2B4153BAC4

Бетперделерге қажетті материалдармен қамтамасыз етіп, демеушілік көрсеткен ауыл кәсіпкерлері Б.Иманғазиева, С.Сариева мен үйде отырып бетперде тігіп, тегін таратқан Г.Искакова, А.Бекбаеваларға алғысымыз шексіз! Осындай сәтте ерекше белсенділік көрсетіп, көмек қолын созған тігіншілерімізге көптеп рахметімізді айтамыз.

 Г.Сарсенгалиева

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың маманы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале