9.12.2019, 11:29
Оқылды: 57

Ханордалықтар тәуелсіздікті тойлады

Облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық, музей қорығының экскурсия және көпшілікпен жұмыс жасау бөлімі ауыл жастарымен ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығы мерекесіне орай «Елім менің» атты интеллектуалдық ойын-шара өткізді.

orda (5)

Еліміздің тарихын, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту мақсатында өткізілген шараға ауыл жастары белсене қатысып, қазақ тілінің сөз мәйегі, этнографиясы, дарабоз тұлғалары туралы білімдерін сынға салды. Шараға арнайы шақырылған ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері әнімен мерекелік көңіл күй сыйлады.

orda (1)

Білімділер интеллектуалды шарада сынға түссе, біліктілер Жәңгір хан атындағы мектептің спорт залында волейболдан сынға түсті. Бөкей ордасы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол түрімен айналысатын топтары арасында жарыс өтті. Аталмыш турнирге Сайқын, Бисен, Ұялы ауылдарының жас спортшылары қатысты. Нақтырақ айтсақ, бес ұлдар командасы мен үш қыздар командасы бақ сынады.

Қызықты доданың нәтижесінде ұлдар арасында І орынды Сайқын командасы (жаттықтырушысы Н.Таңатов), ІІ орынды бисендіктер (жаттықтырушысы С.Дінсейтов) иеленіп, Хан ордасы командасы (жаттықтырушысы Ж.Бекеев) ІІІ орынға табан тіреді. Ал қыздар арасында І орынды Бисен (жаттықтырушысы С.Дінсейтов), ІІ орынды Сайқын командасы (жаттықтырушысы Н.Таңатов) алды. Сонымен қатар шеберлігімен көзге түскен ойыншылар да марапатталды. Бисендік Алмат Ғайнетдинов «Үздік қорғаушы», сайқындық Фархат Сердеғалиұлы «Үздік шабуылшы», ордалық Нұрасыл Сағадатов «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды. Қыздар арасында бисендік Аружан Қуанғалиева «Үздік шабуылшы», бисендік Инабат Қайырболатқызы «Үздік байланыстырушы», сайқындық Аида Хайруллина «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды.

Ұлпан Жакина

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале