27.10.2020, 8:36
Оқылды: 24

Хоббиін кәсіпке айналдырған Әйгерім

Аспаздық оқушы кезінен сүйікті ісі болған Әйгерім Төлепбергенова бүгінде Сырым ауданы Қосарал ауылының тәтті пісіретін келіні атанып жүр. Тәттілеріне деген сұраныс екі жылда артып шыға келді.

D298BE95-1EA0-4AA1-AC32-962D7FB330E0

     – Үйде бос отырған соң, басында  күнделікті шәйға, мерекелер мен туған күндерге арнап тәттілер пісіріп жүрдім. Қазір ақпарат көзі дамыған заман ғой, бәрін ғаламтор арқылы үйреніп алуға болады. Ақылы шеберлік сыныптарына қатысып, қолымды жаттықтырып алдым. Тәттілерді пісіру мен үшін қиын емес. Тек ептілік, ынта, жігер керек. Кейде үй шаруасы, бала тәрбиесімен жүргенде, тапсырыстарымды таңда пісіріп жүрген кездерім де болды.

304F11FA-43BD-4982-8F2A-EC9D3AD84FBA

Алдағы уақытта мемлекеттен бөлінетін түрлі бағдарламалармен кәсіп ашу ойымда бар. 505 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып алсам  деймін. Тұрақты тұтынушыларым  тәттілерімді ұнатып, өз ризашылықтарын білдіріп жатады. Үйде бос отырған қыз-келіншектерді ерінбей, сүйікті хоббиін табысты кәсіпке айналдыруға шақырамын. Алға мақсат қойса, бәріне жетуге болады,- дейді Әйгерім.

Айман Қуанғалиқызы,

"Сырым елі" газетінің штаттан тыс тілшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале