15.01.2020, 17:43
Оқылды: 46

Январцевтықтардың көтерген мәселелері ескерусіз қалмайды

Бәйтерек ауданы әкімі Асхат Шахаровтың  тұрғындармен есептік кездесуі Январцев ауылдық округінде өтті.

Алдымен тұрғындар алдында аудан басшысы Асхат Берлешұлы сөз сөйлеп, аудан бойынша өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, биыл қолға алмақ маңызды мәселелерді нақтылады.

 - Округ аумағында 37 орта бизнес субъектісі тіркелген. Өткен жыл жауынсыз құрғақ болды. Шаруа қожалықтары 6 331 гектар жерге егін салып, оның әр гектарынан 8 центнерден және 4 939 гектар күздік бидайдан 15 центнерден өнім алды. Ал биылға 3 467 гектар күздік бидай егілді, - деп бастады баяндамасын ауыл әкімі Абылай Жұмағалиев.

- Округте мал саны да өсіп келеді. Былтыр Красноармейск ауылының тұрғыны Анна Мартынок «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1 млн. 700 мың теңге несие алып, 9 бас ірі қара мен 3 ешкі сатып алса, көп балалы ана Гүлжазира Қабдиева да аталмыш бағдарлама аясында 505 мың теңге несиеге қол жеткізіп, 2 бас ірі қара алды. Округ бойынша 7 500 тонна мал азығы дайындалды, - деді ауыл әкімі.

baiterek yan (2)

Есепті кездесуде ауыл тұрғындары Бақытжан Қожамжаров, Сәуле Қуанышқызы, Нұргүл Қылышева, тағы басқалары сөз алып, су мәселесі, мал ұрлығының алдын алу, Кирсанов ауылына көгілдір отын жеткізу және жол жағдайы төңірегіндегі ой-пікірлерін ортаға салды.

baiterek yan (6)

 Тұрғындар көтерген мәселелерге орай аудан әкімі А.Шахаров пен округ әкімі Абылай Жұмағалиев нақты шаралар қолға алынатынын жеткізді.

Ертай Бимұханов

cуреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале