24.05.2019, 10:33
Оқылды: 32

Юбилейныйда қымызмұрындық өтеді

Теректі ауданы Юбилейный ауылының шетінде Бағдат Едресовтың атқорасы бар.

2

         20-25 асыл тұқымды жылқы байланған бұл жер ауылдың балалары үшін ең тартымды жер. Кішкентайлары ат үстіне мінгеніне мәз болса, жасөспірімдер шабандоз болғысы келеді. Орал қаласында университет-колледж оқып жүрген спорт факультетінің студенттері де осы жерде жаттығады.

         Мал баққан Тахамбетовтар әулетінен шыққан Бағдат ат баптаудың сырын үйренді.          2011 жылы Жымпитыдан келіп, Юбилейныйға ірге тепкеннен бері Ресей, Польшадан асыл тұқымды жылқы жинап, қазір 20-25 сәйгүлік баптап отыр. Алыс-жақындағы бәйгеге апарады. Жүлделі оралады.

         Бағдат саумалға бие байлауды да қолға алған. Биыл маусымның ортасында ауыл шетіндегі көкорайға киіз үй тігіп, қымызмұрындық беру жоспарында бар.

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале