1.02.2018, 17:17
Оқылды: 25

Заманауи құрылғыларды жетік меңгерген маманның жоқтығы қынжылтады

Бөрлі ауданының дәрігерлері Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауын талқылады.

Аудандық емхананың басшысы Жұмабек Шайхиев атқарылған жұмыстарды тізбектеп, аудан әкімі Алдияр Халеловке ұсыныстарын жеткізді.

- Ауылдардағы жедел жәрдем көлігінің біразы ескі, ал Ақсу, Облавка, Утвинка, Қарашығанақ, Димитрова, Александровка ауылдарындағы медициналық пункттер күрделі жөндеуді қажет етеді.

Сонымен қатар шет елден әкелінген жаңа құрылғыларды меңгерген маман жоқ. Жалпы аудандық аурухананың заманауи құрылғылармен жабдықталуы 88,7 пайызды құрайды, - деді Ж.Шайхиев.

Ақ халаттылар бір маманның бірнеше міндетті қатар алып жүргенін де айтты. Аудан әкімі айтылған барлық мәселе аяқсыз қалмайтынын жеткізді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале