16.01.2020, 11:22
Оқылды: 36

Заңға енгізілген өзгертулер түсіндірілді

Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Медет Бисақов бұрыннан белгілі заңнамаларға нақты өзгерістер мен түзетулер енгізілгендігін жеткізді.

sot2

Оның айтуынша, балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың саны азаймай тұр. Сондықтан өзгертілген жаңа Заңда нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері орташадан ауыр санатқа ауыстырылған. Ендігі жерде мұндай қылмыс жасаған адам 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Осыған дейін бұл қылмыстың жазасы 3 пен 5 жыл аралығы болған-ды. Әрі енді жәбірленушімен татуласу мүмкіндігі жоқ.

Тағы бір айта кететін жайт, бұрын зорлаушы зардап шеккен тарапты татуласуға, ақша төлеуге немесе жауапкершіліктен жалтаруға көндіре алса, қазіргі заңнама бойынша ымыраға келуге болмайды. Сондай-ақ осы уақытқа дейін адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп жалған айыптағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған болса, қазір бұл жаза 3 жылдан 8 жылға ұзартылды. Әрі қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған қылмысы үшін бұрын кінәлілер 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, енді ондайлардың жазасы 9 жылдан 12 жылға дейін ұзартылған.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале