5.06.2017, 11:34
Оқылды: 21

Заңсыз киік аулаған тұрғын ұсталды

IMG_7790-03-06-17-02-132 маусымда сағат күндізгі 11-12 шамасында Қазталов ауданы Әжібай ауылына қарасты "Мәрәлі" қыстағының жанында заңсыз киік ұстаған Әжібай ауылының Ж. деген тұрғыны ұсталды.


Тексеру кезінде Volkswagen Passat автокөлігінің ішінен аңшылық қару, мүйізі кесілген 1 бас киіктің төшкесі және мүйіз табылып, тәркіленді.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бап, 4-бөлімі (Заңсыз аңшылық) негізінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мөлдір ӘНУАРБЕК

Қазталов ауданы

(сурет ғаламтордан алынды)

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале