22.12.2017, 15:43
Оқылды: 52

Заңсыз сатумен айналысқан 6 сауда нүктесі анықталды

Ақжайық ауданында мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері бірнеше ауылда жүргізген кезекті рейд жүргізді. Нәтижесінде алкогольдік өнімдерді лицензиясыз сату 6 сауда нүктесінде анықталды. Сондай-ақ бір дүкенде 291 шишаның, яғни 144,5 мың теңгенің арақ-шарабына жөнелтпе құжаттар болмай шықты. Ал екі дүкендегі байқастау кезінде сатушылардың жадылық тіркейтін бақылау-кассалық машиналарды қолданбағаны анықталды.

– Мұндай рейттерді 12 желтоқсаннан бері жүргізіп келеміз. Алкогольдік өнімдерге жөнелтпе құжаттардың, есептік-бақылау маркаларының бар-жоғына, басқа да тиісті реттілікке баса назар аударудамыз. Анықталған заңбұзушылыққа қатысты материалдар сотқа жөнелтілетін болады,-дейді басқарманың бас маманы Жасұлан Өтепов.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале