28.05.2018, 17:26
Оқылды: 38

Зеленов аудандық газетіне жаңа редактор тағайындалды

IMG_8518Зеленов ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Абат Көбенов пен «Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Ғайсағали Сейтақ «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов аудандық филиалы «Ауыл тынысы» газетінің жаңа директор-редакторы болып тағайындалған Ертай Бимұхановты таныстырды.

Зеленов ауданы әкімі Асхат Шахаров пен «Жайық Пересс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллиннің 2018 жылғы 24 мамырдағы №71 бұйырығымен  «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов аудандық филиалы - Зеленов аудандық "Ауыл тынысы" газетінің директор-редакторы болып тағайындалған Бимұханов Ертай Сағындықұлы 1973 жылы 16 тамызда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе  ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Е.Бимұханов алғаш еңбек жолын 1995-2000 жылдары Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі боп бастаған.
2000-2003 жылдары Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жұмыстары жөніндегі әдіскері, 2003-2005 жылдары Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2005-2006 жылдары Қаратөбе мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2006-2008 жылдары Қаратөбе аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің бас редакторының орынбасары, 2008-2013 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директоры, 2013-2015 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының тілшісі, 2015 жылдан күні бүгінге дейін «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директоры. Отбасылы, екі ұлы бар.

-Ел үшін бұқаралық ақпарат құралдарының орны әрқашан ерекше болады. Халықты ел тынысымен сусындатып, Елбасымыздың жаңа бастамаларын халыққа жеткізуде аудан газетінің атқарып отырған жұмысы зор. Ел дамуы үшін атқарылып жатырған жасампаз істер мен түрлі реформалардың іске асуын аудан халқына нақты жеткізу мен қоғамдық пікірдің қалыптасуына үлес қосуыңыз қажет,-деген Абат Көбенов жаңа редактордың жұмысына сәттілік тілеп, бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарған Нұржан Дүзбатыровқа ризашылығын білдірді.  Сондай-ақ жиын барысында Ғайсағали Сейтақ пен «Ауыл тынысы» газетінің жауапты хатшысы Николай Берендяевтар сөз алып, осы күнге дейін редакторлық қызмет атқарған Нұржан Тоғызбайұлына ризашылықтарын білдіріп, жаңа басшы жұмысына сәттілік тіледі.

Өз тілшіміз

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале