6.06.2018, 10:36
Оқылды: 22

Зеленов ауданы әкімі бірқатар нысанды аралады

Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров бастаған лауазымды тұлғалар аудан орталығы Переметный ауылындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бірқатар нысанды аралады.

IMG_6997Аудан әкімі А.Шахаров аудан орталығында алғаш болып жұмысын бастағалы іске кіріскен тарихи-өлкетану музейінің жөндеу жұмыстарының барысымен егжей-тежейлі танысып, жөндеу жұмыстарын жүргізуші тарапқа бірқатар тапсырма берді.

Сонымен қатар жаңадан салынып жатқан саябақ жұмыстарының жүрізілу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан аудан басшысы Асхат Берлешұлы аудан орталығында орналасқан «Достық» үйіне де ат басын тіреді.

Аталмыш нысандағы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысып, бірқатар ой-пікірлерді тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале