29.12.2018, 16:33
Оқылды: 80

Зеленов ауданы әкімі жас тілшілермен дидарласты

Бүгін Зеленов ауданы әкімі Асхат Шахаров «Жайық Пресс» медиахолдингінің ұйымдастыруымен өткен облыстық «Өрімтал» жас тілшілер фестивалінің жүлдегерлері – Достық мектебінің 10-сынып оқушысы Ғасыр Серікұлы, Дариян мектеп-гимназия интернатының 7-сынып оқушысы Мадина Ибрагим мен аталмыш мектептің 9-сынып оқушысы Ернияз Ерсайынұлын қабылдап, сый-сияпат көрсетті.

 orimtal (4)

Болашақ тілшілермен емен-жарқын дидарласқан Асхат Берлешұлы:

- Жазу өнері – кез келгенге бұйыра бермейтін бақ. Әрдайымда қоғамдық пікірден тыс болмай, өнерлі де дарынды болуға ұмтыла беріңіздер. Сіздер бүгінгідей бейбіт заманның шығармашылық адамы болуға әбден лайықсыздар. Оқуда озат, өнерде оқ бойы алда болыңыздар! - деді.

Кездесуде аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, «Жайық Пресс» ЖШС-ның Зеленов филиалы – аудандық «Ауыл тынысы» газетінің директор-редакторы Ертай Бимұханов сөз алып, жас тілшілерге табыс тіледі.

- Биылғы желтоқсан айы басында «Жайық Пресс» медиахолдингі ұйымдастырған «Өрімтал» жас тілшілер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Аталмыш медиахолдингтің бас директоры Рауан Сәбитұлының жас тілшілерге арнаған құттықтау сөзі ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар ол журналистика мамандығы жайында мол мағлұмат берді. Байқауға қатысушылар да өз кезектерінде көкейкесті сауалдарын жолдап, жауаптар алды. Олардың қатарында мен де болдым. Қазіргі қоғамда біз, жастар, ойымызды ашық айтып, еркін жеткізе аламыз. Бізді қолдар ағалардың бары бізге серпін береді, - деді жүлдегер Ғасыр Серікұлы.

Қазақ халқының заңғар жазушылары Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Әзілхан Нұршайықов атындағы жүлделерді иеленген жас тілшілердің жетекшісі Ернарын Ғиылманов та қабылдау өткізген аудан басшылығына алғысын жеткізді.

orimtal (1) orimtal (2) orimtal (3)

 Нұрлыбек Мұхамбетияров,

Зеленов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Жас спортшыларды қабылдады

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале