2.11.2018, 17:50
Оқылды: 41

Зеленов ауданы әкімі жастармен жүздесті

Зеленов аудан әкімі Асхат Шахаров аудан колледжінің оқушыларымен кездесті. Білім ордасына келген аудан басшысы алдымен оқу орнының корпустарын аралап, ондағы жұмыстардың жай-күйімен танысты. Одан соң аталған оқу ошағында білім алып жатқан бір топ жастармен кездесіп, Елбасы Жолдауының мән-маңызын түсіндірді.

 IMG_4911

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жолдаған болатын. Аталмыш Жолдау сан-саланы қамтиды. Біз бүгін осы Жолдаудың мән-маңызын сіздерге түсіндіру мақсатымен жиналып отырмыз. Әрине, Елбасымыз тұрмыс сапасын арттыру жайын айтты. Бұл ретте, әрине, ең бірінші жалақы мәселесі айтылады. Мәселен, бүгінгі таңда төменгі жалақы 28 000 теңге болса, бұл алдағы жылдары бір жарым есеге өспек. Сонымен қатар бюджет саласында еңбек ететіндердің де жалақысы өсірілмек. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жасалатын жұмыс. Сонымен бірге Жолдауда педагог мәртебесі туралы да айтылады. Бүгінгі таңда ұстаздар қауымының атқарып жатқан жұмыстары күрделеніп отыр. Осыған орай заң шығарушы органдарға «Педагог мәртебесі туралы» заң шығаруды тапсырды, - деді Асхат Берлешұлы.

Аудан басшысы бұдан бөлек, халықты баспанамен қамтуға бағытталған 7-20-25, «Нұрлы жол, «Нұрлы жер» бағдарламаларына тоқталып, жастарға жеткізді.

Өз кезектерінде жастар аудан басшысына сұрақтар қойды.

IMG_4936 IMG_5065 IMG_5068

Нұрлыбек Мұхамбетияров,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале