12.10.2017, 17:00
Оқылды: 13

Зеленов ауданында 500-ден астам абонент байланыссыз қалды  

 

1-178Зеленов ауданының орталығы Переметный ауылында 500-ден астам абонент байланыссыз қалды.

Телефон сымын тонаушылар кесірінен қазіргі таңда аудан орталығындағы 500-ден астам абонент не интернет, не телефон пайдалана алмай отыр. Байланыссыз қалғандардың ішінде ішкі істер бөлімі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, аудандық сот, ұлттық банк филиалы, прокуратура сияқты құрылымдар бар. Бір түнде ауыл ішіндегі 12 кабельқұдыққа кіріп шыққан қаскөйлер барлығы 1500 метр сымды бүлдіріп, қолына іліккен 400 метрге жуығын алып кеткен.

«Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалы өкілінің айтуынша, апта соңына дейін барлық абоненттер байланысқа қосылмақшы. Ол үшін Орал қаласынан  арнайы мамандар келген. Жөндеуге қажетті барлық кабельдер мен құрылғылар да бар.

Интернет ақысын алдын ала төлеп қойған абоненттердің ақшасы қайта есептелетін болады. Оны қайта есептеу автоматты түрде жүреді екен.

Аудандық ішкі істер бөлімі қарайған халықты байланыссыз қалдырғандарды іздестіруде. Оңай жолмен ақша таппақшы болғандардың келтірген шығыны есептелуде.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале