24.07.2018, 14:15
Оқылды: 34

Зеленов ауданында ауыл әкіміне үміткерлермен кездесу өтті  

 

vyboryЗеленов аудандық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 1 тамызында Переметный және Белес ауылдық округтері әкімдерінің лауазымына үміткерлер арасында сайлау өткізеді.


 

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған округ әкімі лауазымдарына үш-үштен кандидаттар өтініш білдірген.

Осы мақсатта бүгін Зеленов аудандық тарихи-өлкетану музейінің конференция залында аудандық мәслихат депутаттары үміткерлермен кездесу өткізді.

Белес ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлер Е.Абдулов, М.Ілиясов, Ж.Мұхамбетжанов және де Переметный ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлер Б.Бадақов, Р.Ескендіров, С.Қайдашевтар депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап қайтарып, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы турасында өзіндік ойларын ортаға салды.

Ертай БИМҰХАНОВ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале