4.06.2018, 10:35
Оқылды: 13

Зеленов ауданында футбол мектебі ашылды

Зеленов ауданында жас бапкер Сергей Любавин «Лидер» футбол мектебін ашты.

Мектептің ашылу салтанатында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Манарбек Әжкенов:

-Елбасы 2020 жылға дейін спортпен үздіксіз шұғылданатын азаматтар үлесін 30 пайызға жеткізу керектігін әрдайым айтып отырады. Ол үшін еліміздің түкпір-түкпірінде спорттық нысандар салынып, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасалуда. Ашылып жатқан «Лидер» футбол мектебі де Елбасымыздың тапсырмасын жүзеге асыруда өз септігін тигізеді деген сенімдемін,-деді.

Өз кезегінде аудан орталығы тұрғындарын осы бір тамаша жаңалықпен құттықтаған спорт ардагері Иван Юнусов:

-Ауданымыздың футболшылары біраз белесті бағындырғанын білеміз. Жаңа футбол мектебінің тәрбиеленушілері де алдынғы буын ойыншылары салып кеткен сара жолды жалғайтынына сенем,-десе, салтанатты шараға арнайы келген футбол ардагері Болат Иргусаев  балаларды спортқа баулуды қолға алған мектеп директоры Сергей Александровичке сәттілік тілеп, ақ жарма тілегін арнады.

Жыл сайын ел үкіметі спорттық кешендерін салып, халық игілігіне беріп жатыр. Жаңадан ашылған футбол мектебінің тәрбиеленушілері  аудан атын алты қырдан асырар спортшы болсын.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале