24.04.2017, 11:16
Оқылды: 28

Зеленов ауданында мәдени ошақ жаңғырды  

 

Зеленов ауданы Январцев селолық округіне қарасты Красноармейск  ауылындағы Мәдениет үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өтті.


Ірге тасы 1966 жылы қаланған мәдени ошақ осы уақытқа дейін күрделі жөндеу көрмей тозығы жеткен болатын.

- Көптен күткен арманымыз орындалып, қуанып жатырған жәйіміз бар. Айнадай жарқыраған екі қабатты Мәдениет үйімізде жеті қызметкер еңбек етуде. Халықты әркез мәдениеттілікке үйретуде орасан еңбегі бар мәдени қызметкерлеріміз алты үйірмені жүргізуде. Концерт залы екі жүз орынға арналған. Сонымен қатар 16 мың кітап қоры бар ауылдық кітапхана да осы жерде орналасқан. Алдағы уақытта ғимарат ішінен бильярд, теннис, күрес, жаттығу залдарын ашу жоспарымызда бар,-дейді клуб меңгерушісі Мақсот Ортанбаев.

Айшабибі МӘМЕТ
Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале