14.06.2018, 10:26
Оқылды: 31

Зеленов ауданында «Мерейлі отбасы - 2018» жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды  

 

DSC_0536Зеленовтық ағайынды «Мерейлі отбасы - 2018» ұлттық байқауының қатысушыларын марапаттау салтанаты жинады. 

 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты жетегінде өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі – зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған аудандық «Мерейлі отбасы - 2018» байқауына қатысушы отбасылардың құжаттарын жергілікті жерлерде тағайындалған комиссия мүшелері айқындап қорытындылады.

Алдымен байқау қатысушыларын аудан әкімінің орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Абат Көбенов құттықтап, игі тілегін арнады.

«Мерейлі отбасы - 2018» ұлттық байқауының аудандық деңгейіне қатысып, белсенді өнер көрсеткен отбасыларды халықтық «Ақниет» әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын Қасиетова түрлі аталым иелерін марапаттады.

Соның ішінде Ламбековтар отбасы (Шалғай ауылдық округі) «Берекелі отбасы», Иманқұловтар отбасы (Дариян ауылдық округі)

«Өнерлі отбасы», Галкиндер отбасы (Махамбет ауылдық округі) «Өнегелі отбасы», Юсуповтар отбасы (Макаров ауылдық округі) «Жарасымды отбасы» аталымдарымен марапатталады.

Ал байқауға қатысып, белсенділік танытқан отбасыларға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев марапаттау салтанатын жүргізді.

DSC_0552Марапттау салтанаты барысында Сабыровтар отбасы «Ұлағатты отбасы» (Янайкин ауылдық округі), Гумаровтар отбасы «Бақыт бағы отбасы» (Көшім ауылдық округі), Рахметовтар отбасы «Дәстүр дәріптеген отбасы» (Егіндібұлақ ауылдық округі), Маушевтар отбасы «Салауатты отбасы» (Щапов ауылдық округі) боп танылды.

«Мерейлі отбасы - 2018» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің шешуші сәтінде сахна төріне көтерілген аудан әкімінің орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Абат Ізімғалиұлы байқау жеңімпаз-жүлдегерлерінің есімдерін салтанатты түрде жариялады.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орын Товстиктер отбасына (Раздольное ауылдық округі), ІІ орын Сакпусуновтар отбасына (Переметный ауылдық округі), І орын Табылдиевтар отбасына (Железнов ауылдық округі) табыс етіліп, дипломдар мен сыйлықтар сыйға берілді.

Ал, 2018 жылғы «Мерейлі отбасы - 2018» ұлттық конкурсының бас жүлдесін мен Зеленов ауданының «Мерейлі отбасы - 2018» атағын Имашевтар отбасын (Белес ауылдық округі) жеңіп алды.

Мереке аясында жергілікті өнерпаздар Ботагөз Тайпанова, Аягөз Бейсова, Жеңіс Қасымов, Ақан Жекеков әннен шашу шашты.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале