30.11.2018, 15:24
Оқылды: 73

Зеленов ауданында «Өз ауылың мен аулаңды тазала!» акциясы ұйымдастырылды

Бүгін Переметный ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан орталығында «Өз ауылың мен аулаңды тазала!» акциясы басталды.

снег (1)

 

Акция мақсаты коммуналдық қызметтерге көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

 «Ана мен бала», «Жеңіс», «Бейбітшілік пен келісім», «Астана» саябақтарымен қатар әлеуметтік нысандар, орталық алаң, «Олимп» стадионы, аудандық орталық аурухана алаңы қардан тазартылды.

Акцияға ауыл тұрғындары, мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, жастар белсенділері атсалысты.

- Расын айту керек, көшедегі қарды қоғамдық қызмет жұмысшыларының ғана тазалағандығы аздық етеді. Сол себепті, қар тазалау акциясын өткізуді қолға алдық. Ауылды, көшені қардан тазарту жұмыстарына жергілікті тұрғындар белсене қатысады деп ойлаймын. Акцияға 200-ден астам ауыл тұрғыны қатысып, 3 техника жұмылдырылды, - дейді Переметный ауылдық округінің әкімі Бекзат Бадақов.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале