2.10.2017, 11:32
Оқылды: 27

Зеленов ауданында «Пай-пай, қыздар-ай» ұлттық конкурсы өтті

Зеленов ауданы Янайкин ауылында «Пай-пай, қыздар-ай» ұлттық конкурсы өтті.

Өзге ұлт қыздарының арасында мемлекеттік тілде өтетін өнер сайысына ұлты өзге 6 қыз бақ сынады. Мемлекеттік тіл мерейін арттыру мақсатында дəстүрлі өтетін шара биыл жетінші мəрте өз өнерпазын сын жолына шығарды.

Төрт кезеңнен тұратын сайыста əр қатысушы алдымен өздерін таныстырды. Келесі айналымда  мақалдың жасырын сөзін тауып əрі берілген сөзге сөйлем құрады. Сайысушылардың тілдік қорын пайымдаған бұл сында сүрінген жан болмады. Үшінші өнер сайысында туған жер, тіл туралы жыр шумағын мəнерлеген қыздар Абай əндерін шырқап көрерменін тəнті етті. Соңғы кезеңде қазақтың ұлттық ас мәзірін дайындап әкеліп, дайындау тәсілін түсіндірген арулар мемлекеттік тілді терең меңгергендігін танытты.

Мемлекеттік тіл мерейін асырған өнер сайысының бас жүлдесін Егіндібұлақ ауылынан келген Виа Мафтей иеленді. Янайкиндік Екатерина Тащанова І орын, мичуриндік Мәдина Артаева ІІ орын, Үлкен Шаған ауылының аруы Юлия Иманбаева ІІІ орын алса, щаповтық Александра Дмитриевна «Көрермен көзайымы», переметныйлық Вера Селаньтева «Өнерлі ару» аталымына қол жеткізді.

Нұржан ДҮЗБАТЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале